Аргентинаның жергілікті тұрғындары метеорит табылған жерді «аспан даласы» деп атайды. Астрономдар бұл аумақтың төрт мың жыл бұрын метеорит жаңбырына ұшырағанын айтады. 1576 жылы испан отарлаушылар жергілікті тайпалар өкілдерінен аспаннан тас жауғанын естіп, бұл жерден метеориттер тапқан. Ең үлкен метеорит Намибияда деп саналады. Оның салмағы – 60 тонна.
Аргентинадан 30 тонналық метеорит табылды
"Аргентина ғалымдары елдің солтүстігіндегі Эль-Чако провинциясынан салмағы 30 тоннадан асатын метеорит тапты",-деп хабарлайды ҚазАқпарат.