Аргентинадан 30 тонналық метеорит табылды

Аргентинаның жергілікті тұрғындары  метеорит табылған жерді  «аспан  даласы» деп атайды. Астрономдар бұл аумақтың төрт мың жыл бұрын метеорит жаңбырына ұшырағанын айтады. 1576 жылы испан отарлаушылар жергілікті тайпалар өкілдерінен аспаннан тас жауғанын естіп, бұл жерден метеориттер тапқан. Ең үлкен метеорит Намибияда деп саналады. Оның салмағы – 60 тонна.