Басты бет Жаңалықтар Көкшетауда тегін дүкен жұмыс істеп жатыр

Көкшетауда тегін дүкен жұмыс істеп жатыр

Көкшетаудағы Науан Хазірет атындағы орталық мешіт жанынан ашылған әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар үшін тегін дүкен жұмыс істейді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкілі, Науан Хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің бас имамы Қанат Қыдырминнің айтуынша, осы күні дүкен өздеріне бекітілген әлеуметтік жағынан аз қамтылған 60 отбасына тегін қызмет көрсетуде.

Аталған отбасылары осы жерден тегін азық-түлік, киім-кешек және өзге де қажетті тұрмыстық заттарды ала алады. Дүкен қайырымды адамдардың демеушілік көмегінің арқасында жұмыс істеуде.

Тегін дүкен

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version