Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкілі, Науан Хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің бас имамы Қанат Қыдырминнің айтуынша, осы күні дүкен өздеріне бекітілген әлеуметтік жағынан аз қамтылған 60 отбасына тегін қызмет көрсетуде.
Аталған отбасылары осы жерден тегін азық-түлік, киім-кешек және өзге де қажетті тұрмыстық заттарды ала алады. Дүкен қайырымды адамдардың демеушілік көмегінің арқасында жұмыс істеуде.