Астана уақыты бойынша сағат 07.00-де Лос-Анджелестегі «Долби» театрында «Оскар» сыйлығын табыстау салтанаты басталды. Салтанат 30 жылда тұңғыш рет жүргізушісіз өтті.
Америка киноөнер академиясы 91-ші рет берілетін жүлденің жеңімпаздарын 24 номинация бойынша алдын ала анықтады. Оларды номинацияға ұсынылмаған актерлар біртіндеп табыс етіп жатыр. Айта кетейік, сыйлық 2018 жылы түсірілген озық фильмдерге беріліп, киноиндустриядағы трендтерді айқындайды.
2019 жылғы «Оскар» сыйлығының иегерлерін төмендегі тізімнен біле аласыздар:
«Екінші пландағы үздік әйел ролі»: Реджина Кинг («Бил-стрит сөйлей алған болса», режиссеры — Бари Дженкинс)
«Толықметражды үздік деректі фильм»: Free Solo, режиссерлары — Джимми Чин мен Элизабет Чай Васархели)
«Үздік грим және шаш үлгісі»: «Билік», гримерлар — Григ Кэнном, Кэйт Биско, Патриция Дехани
«Үздік костюм дизайны»: «Қара пантера», суретші-костюмер Рут Э.Картер
«Қоюшы суретшінің үздік жұмысы»: «Қара пантера», қоюшы суретші Ханна Бихлер
«Үздік операторлық жұмыс»: «Рома», оператор Альфонсо Куарон
«Үздік дыбыс монтажы»: «Богема рапсодиясы»
«Үздік дыбыс»: «Богема рапсодиясы»
«Шетел тіліндегі үздік фильм»: «Рома» (Мексика)
«Үздік монтаж»: «Богема рапсодиясы», монтаждаушы Джон Оттман
Екінші пландағы үздік ер адам ролі»: Махершала Али («Жасыл кітап»)
«Толықметражды үздік анимациялық фильм»: «Өрмекші-адам: ғалам арқылы», режиссерлары — Питер Рэмзи, Боб Персичетти, Родни Ротман
«Қысқаметражды үздік анимациялық фильм»: «Бао», режиссеры — Доми Ши
«Қысқаметражды үздік деректі фильм»: «Нүкте. Сөйлемнің соңы», режиссеры — Райка Зехтабчи
«Үздік визуал эффектілер»: «Айдағы адам»
«Қысқаметражды үздік фильм»: «Тері», режиссеры — Гай Наттив
«Үздік оригинал сценарий»: «Жасыл кітап», сценарий авторлары — Ник Валлелонг, Брайан Хайес Карри, Питер Фаррелли
«Үздік адаптация-сценарий»: «Қара кландық», сценарий авторлары — Спайк Ли, Чарли Вачтел, Кевин Уиллмотт
«Фильмге жазылған үздік музыка»: «Қара пантера»
«Үздік ән»: Shallow, «Жұлдыз туды», режиссеры — Брэдли Купер
«Үздік актер»: Рами Малек, «Богема рапсодиясы»
«Үздік актриса»: Оливия Колман, «Фаворит қыз»
«Үздік режиссерлық жұмыс»: Альфонсо Куарон, «Рома»
«Үздік фильм»: «Жасыл кітап», режиссеры — Питер Фаррелли.
And best picture at the #oscars goes to… #GreenBook! https://t.co/vR5Ni8thlT pic.twitter.com/lHIkf5Cb4j
— Hollywood Reporter (@THR) February 25, 2019