Головкин Лондондағы 20 мыңдық O2 аренасында британдық Келл Брукты бесінші раундта техникалық нокаутпен ұтты. GGG осы жеңісі үшін 4 миллион доллар гонорар алды. Брук те дәл осындай табысқа кенеледі. Бұл рекордтық сома. Бұған дейін Головкин ең көп табысын Доминик Уэйд пен Давид Лемьеге қарсы өткізген жекпе-жектерінде алған. Ол кезде гонорар көлемі – 2 миллион доллар болған еді.
Головкин Брукке қарсы қалай дайындалғанын көрсетті
WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің твиттердегі парақшасында Келл Брукке қарсы қалай дайындалғанын жариялады.