Головкин Лондондағы 20 мыңдық O2 аренасында британдық Келл Брукты бесінші раундта техникалық нокаутпен ұтты. GGG осы жеңісі үшін 4 миллион доллар гонорар алды. Брук те дәл осындай табысқа кенеледі. Бұл рекордтық сома. Бұған дейін Головкин ең көп табысын Доминик Уэйд пен Давид Лемьеге қарсы өткізген жекпе-жектерінде алған. Ол кезде гонорар көлемі – 2 миллион доллар болған еді.