«Хабар» арнасында «Өгей жүрек» фильмі басталады

Фильм режиссері Ернар Нұрғалиев. Ол осыған дейін «Махаббатым жүрегімде – 2», «Зәуре» фильмдерін түсірген еді.

Басты рөлдерді Кәмшат Жолдыбаева мен Дастен Шәкіров сомдайды.

Esentai продакшнның қаржыландыруымен шыққан бұл сериалдың сценарийі «Ғашық жүректің» екінші бөліміне ұқсайды. Әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаева «Ғашық жүректе» өгей баланы асырап алса, «Өгей жүректе» де сол желі қайталанбақ.

Жаңа туындыда Бибігүл деген келіншектің қиындыққа толы тағдыры баяндалады. Күйеуінің сатқындығы мен баласын жоғалтуына қарамастан, өз өмірі үшін күреседі. Бибігүлдің ойынша, баланың бөтені болмайды. Естеріңізге сала кетейік, «Өгей жүректің» сценарийін жазған Қуаныш Тоханов.

https://www.youtube.com/watch?v=NYUKkywEKX8

12 сериалдан тұратын фильм 2016 жылдың маусым және шілде айларында түсірліген еді. Әр бөлімі 40 минутқа созылады.

Сериал 19 қыркүйектен бастап, жұмыс күндері кешкі сағат 19:40-та қазақ тілінде орыс субтитрімен шығады.