Төрт раундтан кейін арбитр Бену Русселдің картасында есеп 39:37, басымдық Брукке берілген, ал Крейг Меткалф пен Гвидо Кавальериде ұпай 38:38 деп көрсетілген.
Еске сала кетсек, Головкин Брукті техникалық нокаутпен бесінші раундта ұтқан болатын. Британдық спортшының бапкері Доминик Ингл шаршы алаңға ақ ормалын лақтырды, өйткені боксшының денсаулығына қауіп төне бастаған еді.