Басты бет Жаңалықтар The Planet of Art халықаралық фестиваль-байқауы талантты балаларды іздейді

The Planet of Art халықаралық фестиваль-байқауы талантты балаларды іздейді

Фестиваль-байқауға 1 мамырға дейін өтініш қабылданады.

Фото: ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясы

The Planet of Art халықаралық фестиваль-байқауы жаңа таланттарды іздейді. Қазақстандағы ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорымен бірге жобаның биылғы маусымына қатысуға өтініш қабылдай бастады.

THE PLANET OF ART - ИНСТА
Фото: ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясы

Биылғы фестиваль-байқау Жастар жылы мен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Жобаның мақсаты — жас орындаушыларды қол­дау, олардың шығармашылық әлеуетін нығайту, бала­лардың шығармашылығын паш ету арқылы қазақ­стандық мәдениетті халықаралық аренада насихаттау. Халықаралық деңгейде жүзеге асырылатындықтан жоба аймақтағы елдердің талантты жастарының арасында мәдениетаралық байланыс пен достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған, — деп хабарлады ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясының өкілдері.

Фото: ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясы

Жоба 1999 жылы «Балалар әлемді бейнелейді» атаумен бастау алды. Оны жыл сайын өткізу әдемі дәстүрге айналды. 20 жылдың ішінде оған 35 000 адам қатысты.

The Planet of Art-2019 халықаралық фестиваль-байқауына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің талантты жас­тары қатыса алады. 12–17 жас аралығын­дағы балалар вокал, аспап музыкасы және хореографиялық өнер аталымдары бойынша өзара бақ сынасады. Өнерімен өз ортасынан озып шыққан жеңім­паздарға тренингтер мен шеберлік сабақтары өткізіледі. 28 қыркүйекте гала-концерт ұйымдастырылады. Өнер бай­қауының жеңімпаздары Америкада және Еуропа елдеріндегі мәдени-оқыту бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады.

Фестиваль-байқауға қатысуға осы жылдың 1 мамырына дейін өтініш қабылданады. Толық ақпаратты Unescoclubs.kz. сайтынан білуге болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version