Басты бетЖаңалықтарРесейдің солтүстігінен...

Ресейдің солтүстігінен циклон келеді. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК мамандары 19-21 ақпан күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Қазақстаннан бір циклон кетпей жатып, Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан келесі циклон жетіп келеді, оның атмосфералық фронттары республиканың көптеген облысының алдағы үш тәуліктегі ауа райына ықпал етеді, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

Мамандардың мәліметінше, сондықтан алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран мен екпінді жел соғады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста дымқыл қар жауады, тұман мен көктайғақ болады.

Ауа температурасы төмендейді, бірақ климаттық нормадан жоғары болады, — дейді синоптиктер.