Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған шағын гранттар байқауы

Шағын гранттардың мақсаты — Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның тәуелсіз БАҚ арасында қоғамдық маңызы бар тақырыптарға ортақ бағдарламалар өндіруді және сол бағдарламаларды ортаға салып алмасуды ынталандыру.

usaid-logo

Large with tagline
Large with tagline

Internews мынадай медиаконтент өндірісіне қолдау көрсетеді:

  • Өзекті тақырыптағы әлеусеттік репортажджар циклі (ТВ, радио, хронометражы 15-20 минут), фоторепортаж болу да мүмкін (кем дегенде 10 фото).
  • Викторина және Сауалнама форматындағы бағдарламалар пакетін өндіру.
  • Ақпараттық-танымдық бағдарламалар (хронометражы 13 минуттан 26 минутқа дейін).

Internews мынадай тақырыптағы жобалар бойынша грант алу жөніндегі өтініштерге қодлау көрсетеді:

  • Құқық
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам
  • Гендер
  • Экономика
  • БАҚ айналасындағы жағдай
  • Жастар бастамалары
  • Экология (ғаламдық климат өзгеруі)
  • Толеранттылық
  • Әлеуметтік бағдарламалар (Орталық Азия аймағы және тұтас ел үшін өзекті)
  • Азаматтардың өмірін жақсарту, қауымдастықтар мәселелерін шешу жөніндегі азаматтық белсенділік

Тақырыптық бағдарламаларды түрлі жанрларда жасауға болады (арнайы репортаж, сараптамалық бағдарлама, интервью, журналистік зерттеу, сауалнама, тележурнал және викториналар).

Бұл жобада Internews тарихи және мәдени тақырыптағы бағдарламаларға, ойын-сауық бағдарламаларына, көркем фильмдерге, әлеуметтік роликтер мен музыкалық клиптерге қолдау көрсетпейді.

Грант алушылар үшін міндетті шарт — ортақ өтініш беру үшін жоғарыда аталған елдердің бұқаралық ақпарат құралдарымен серіктестік орнату. 

Қажет болса, Internews серіктестер табуға көмектеседі.

Жобаны жүзеге асыру үшін өз қаржысын және өзге донорлар немесе коммерциялық ұйымдар қаржысын да қоса салу міндетті. Өз үлесіңіз жобаның бюджетінде көрсетілуі мүмкін. Сонымен қатар, қолда бар телевизиялық жабдықтар мен эфирдің бағасы өз қаржысын салу болып есептелмейді.

Грант алуы мүмкін өтініш берушілерді өтініштер келіп түскен сайын қазылар алқасы анықтайды. Internews грант жобалары нәтижесінде өндірілген контентті Орталық Азияның үш елі: Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан бұқаралық ақпарат құралдары арасында таратуға басты құқығы бар.

Грант алуға өтініштер мынадай талаптар бойынша бағаланады:

  • контент елдердің заң нормаларына қайшы келмейді
  • контент түрлі көзқарас тұрғыларын ұсынады
  • контент қандай да бір саяси, діни және басқа да тұлғалар мен тараптардың мүдделерін көздемейді
  • контент Internews талап еткен тақырыптар мен жанрларға сай келеді
  • шығармашылық ұстаныммен жасалған
  • жобаны жүзеге асыру үшін қосымша өз қаржысы салынған
  • жобаны бірнеше тілде жүзеге асыру мүмкіндігі

Грант алуға өтініште (үлгісі қоса беріледі) жобаның сипаттамасы, мақсаты, күтілетін нәтижелер (жоба қалай және неліктен қоғамның қызығушылығын туғыза алады), жұмыс жоспары, бюджеті (үлгісі қоса беріледі) жазылуы тиіс. Міндетті түрде жоба қандай аудиторияға арналғаны және қандай аумақта көрсетілетінін жазу керек.

Өтініштер орыс тілінде электронды түрде қабылданады және мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

  • өтініш қандай санатқа немесе қандай тақырыпқа жататыны;
  • жобаның атауы (бағдарламаның атауына сәйкес болуы тиіс);
  • жоба қай жанрда орындалатыны;
  • аудио және видео үшін хронометраж;
  • бағдарламалар қай тілде шығатыны;
  • өзге елдердегі (Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан) серіктес болуы мүмкін бұқаралық ақпарат құралдарының атауы және сипаттамасы;
  • жобаның сипаттамасы (бағдарламаның өзектілігі, циклдегі бағдарламалардың тақырыбы; қандай мәселелер көтеріледі);
  • жобаның шығармашылық сипаты (сценарий жоспары немесе айдарларының, форматының детальді сипаттамасы);
  • жобаның бюджеті  (қосымша өзі салатын қаржысын көрсете отырып);
  • Internews берген шағын грант таусылғаннан кейін жобаға қалай қолдау көрсетілетінінің сипаттамасы.

Өтінішке жобаға қатысушылардың резюмесін қоса беру ұсынылады.

Өтініштерді 2015 жылғы 17 желтоқсанға дейін Оксана Осадчукқа — [email protected] почтасына жолдау керек.