Басты бет Жаңалықтар Ерлан Тұрғымбаев Қалмұханбет Қасымовтың орнына министр болып тағайындалды

Ерлан Тұрғымбаев Қалмұханбет Қасымовтың орнына министр болып тағайындалды

Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрлігіне және "Сырбар" Сыртқы барлау қызметіне жаңа басшы тағайындады.

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Қалмұханбет Қасымов Ішкі істер министрі қызметінен босатылып, Президенттің көмекшісі атанды. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл туралы жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы  болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметінен босатылсын, — делінген жарлықта.

Қалмұханбет Қасымовтың орнына Ерлан Тұрғымбаев министр болып тағайындалды.

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын, — делінген Президенттің жарлығында.

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Исатай Сартаев та басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылды. Оның орнына Ғабит Байжанов тағайындалды.

Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылсын, — делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығында.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version