Басты бетЖаңалықтарДанияр Ақышев...

Данияр Ақышев теңгенің нығаюына не себеп болғанын айтты

Теңгенің нығаюына мұнай нарығындағы жағымды конъюктура себеп болды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты.

Жыл басынан бері теңгенің долларға қатысты нығаюы байқалады. 8 ақпанда теңге бағамы 1,4%-ға нығайып, бір доллар үшін 378,73 теңге болды. Бұл мұнай нарығындағы жағымды конъюнктура vty Ресей рублінің нығаюы аясында болып отыр, — деді Ұлттық банк төрағасы.

Осы ретте ол Ұлттық банк еркін өзгермелі айырбастау бағамын ұстана беретінін айтты және Ұлттық банктің нетто-интервенция көлемі қаңтарда нөлге тең болғанын еске салды.

Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері қаңтардың соңында 30,6 миллиард доллар, Ұлттық қордың активтері 58,2 миллиард доллар болды. Жалпы халықаралық резервтер 88,8 миллиард доллар болды, —  деді Данияр Ақышев.

ДереккөзInform.kz