Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда желтоқсан айы қарлы да ызғарлы болады

Қазақстанда желтоқсан айы қарлы да ызғарлы болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері қыстың алғашқы айына деген ауа райы болжамын жария етті. Желтоқсанда жиі болатын циклондардың әсерін қар көп жауады, жел, боран соғады. Температура Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының көп жылдық клматтық өзгерістеріне жақын, басқа аймақтарда - нормадан 1°С жоғары болады деп хабарлайды Zakon.kz. 

Фото: Today.kz

Желтоқсанның алғашқы күндерінде Қазақстан аумағында антициклонның ықпалы болады, соған байланысты, бастыс облыстардан басқа аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Батыс облыстарда белсенді циклон жауын-шашын түсуіне ықпал етеді, ал алдағы күндері ол ықпал республиканың бүкіл аумағына таралады. Онкүндіктің ортасына таман, суық ауа массаларының келуімен ауа температурасы біртіндеп төмендейді: түнде батыс аймақтарда 8 градус, солтүстікте — 11, оңтүстікте — 5 градусқа дейін аяз болады.

Үшінші онкүндіктің ортасында аяз күшейіп, ауа температурасы төмендейді:
— елдің солтүстігінде, шығысы мен орталығында түнде 35 °С , күндіз — 25 °С дейін аяз;
— батыс пен оңтүстікте түнде 20 °С, күндіз — 10 °С дейін аяз,
— оңтүстік-шығыста түнде 25 °С, күндіз — 15°С дейін аяз болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version