Желтоқсанның алғашқы күндерінде Қазақстан аумағында антициклонның ықпалы болады, соған байланысты, бастыс облыстардан басқа аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Батыс облыстарда белсенді циклон жауын-шашын түсуіне ықпал етеді, ал алдағы күндері ол ықпал республиканың бүкіл аумағына таралады. Онкүндіктің ортасына таман, суық ауа массаларының келуімен ауа температурасы біртіндеп төмендейді: түнде батыс аймақтарда 8 градус, солтүстікте — 11, оңтүстікте — 5 градусқа дейін аяз болады.
Үшінші онкүндіктің ортасында аяз күшейіп, ауа температурасы төмендейді:
— елдің солтүстігінде, шығысы мен орталығында түнде 35 °С , күндіз — 25 °С дейін аяз;
— батыс пен оңтүстікте түнде 20 °С, күндіз — 10 °С дейін аяз,
— оңтүстік-шығыста түнде 25 °С, күндіз — 15°С дейін аяз болады.