Басты бет Жаңалықтар Димаш Құдайберген Испанияда клип түсіреді

Димаш Құдайберген Испанияда клип түсіреді

Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" әнінің клипі шығады.

Димаш Құдайберген. Фото: Press-unity.com

Димаш Құдайберген «Любовь уставших лебедей» әніне бейнебаян түсіруге Испанияға аттанды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram-парақшасында жазды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Любовь уставших лебедей» әніне бейнебаян түсіруге Испанияға кетіп барамын, — деп жазды әнші парақшасында.

«Любовь уставших лебедей» әнінің авторы — композитор Игорь Крутой. Димаш Құдайберген музыкантпен бірге бір емес, бірнеше рет сахнада өнер көрсетті. Бұл әнді алғаш рет канадалық әнші Лара Фабиан орындаған.

Игорь Крутойдың кез келген ұсынысын қуана қабылдаймын. Бұл — мен үшін үлкен құрмет. Барлығыңыз «Жыл әні» концертінің «Олимпийский» спорт кешенінде жоғары деңгейде өтетінін білесіздер. Оның үстіне, Игорь Крутойдың композициясымен өнер көрсеткен керемет. Әрине, оған қатысуға бірден келістім,- деді Димаш Құдайберген.

Қазір әнші The World’s Best шоуына қатысып жатыр. Онда Димаш 100 балдың 98-ін алып, қазыларды таңғалдырды. Жоспар бойынша наурызда Кремльде Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтпек. Жазда әнші Астанада концерт береді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version