Салмақ өлшеу кезінде Головкиннің салмағы 72 келі, Келл Бруктың салмағы 72.3 келі тартты. Екі боксшы да орта салмақ лимитіне жатады (160 фунтқа дейін).
Бұдан бұрын британдық БАҚ Головкиннің өңі жайсыз көрінетінін жазған.
Астана жанкүйерлері Қазмедиа орталығында тікелей эфирден көре алады. Көрсетілім 23.00-де басталады, кіру тегін. Боксты күллі Қазақстаннан жүздеген мың жанкүйерлер тамашалайды деп күтілуде.