2019 жылғы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,6%-ға, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату 0,5%-ға, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 0,3%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,5%-ға жоғары болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жария етті.
Жаңа үйлерді сату бағасы бір жылда 3,2%-ға, тұрғын үйлерді жалға алу бағасы бір жылда 7,3%-ға артты.
Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі | |||||||||
кезең соңындағы мәлімет, былтырғы желтоқсанға қарағанда, пайызбен, | |||||||||
өсуі +, төмендеуі — | |||||||||
2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019, қаңтар |
|
Жаңа тұрғын үйлерді сату | 7,1 | 12,1 | 9,6 | 11,5 | 15,8 | -3,6 | 1,3 | 2,6 | 0,6 |
Абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату | 4,3 | 16,8 | 13,8 | 17,6 | 9,1 | -0,7 | -1,6 | 1,9 | 0,3 |
Тұрғын үй нарығындағы баға | ||||
пайызбен, өсуі +, төмендеуі — | ||||
1 шаршы метрінің бағасы, теңге |
2019 жылғы қаңтар | |||
2018 жылғы желтоқсанға қарағанда |
2018 жылғы қаңтарға қарағанда |
2015 жылғы желтоқсанға |
||
Жаңа тұрғын үйлерді сату | 277 368*) | 0,6 | 3,2 | 0,8 |
Абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату | 189 127 | 0,3 | 2,0 | -0,2 |
Абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату | 118 834 | 0,5 | 3,1 | 5,7 |
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі | 1 421 | 1,5 | 7,3 | 11,4 |
*⁾ Бастапқы, таза әрленген пәтерлердің жалпы ауданының бір шаршы метрінің республика бойынша орташа бағасы |
Тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау Астанада, Алматыда, Шымкентте және облыс орталықтарында құрылыс компанияларының және қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізіледі.