Басты бет Жаңалықтар Алик Шпекбаев 083 және 086 анықтамаларынан бас тартуды ұсынды

Алик Шпекбаев 083 және 086 анықтамаларынан бас тартуды ұсынды

Агенттік төрағасының айтуынша, бұл анықтамалардың еш қажеті жоқ және оны сату заңсыз индустрияға айналып барады.

Иллюстрация: Dribbble.com ©Ani

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (МҚІСЖҚА) төрағасы Алик Шпекбаев №083, №086 анықтамаларынан бас тартуды ұсынды.

Соңғы уақытта азаматтар№083, №086 анықтамаларын жинаудың қандай қажеті бар екенін айтып жүр. Бұл құжаттар шешім шығаруға еш әсерін тигізбейді. Оған қоса, осы анықтамалардың заңсыз сатылымы индустрия түрінде дамыған, — деді Алик Шпекбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа жиынында.

МҚІСЖҚА басшысы елімізде мемлекеттік қызмет түрлерін одан әрі жетілдіру қажет екенін айтты.

Мен қандай құжаттардан қиналыссыз бас тарту қажет екені жөнінде ұсыныс енгізуге үндеймін, — деді Алик Шпекбаев.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version