АҚШ Samsung Galaxy Note 7 смартфонынан бас тартуға үндейді

АҚШ-та Galaxy Note 7 өндіруді және сатуды тоқтату, сатылған өнімді кері қайтару өткен аптада басталды. Американың Тұтынушылар тауарының қауіпсіздігі жөніндегі комиссиясы мәлімдеме жасады. Онда комиссияның оңтүстіккорейлік компаниямен тауарын барынша тез кері қайтарып алуы бойынша жұмыс істеп жатқаны айтылған.

Бір күн бұрын Американың Федеральдық авиациялық басқармасы жолаушылардан ұшу барысында Samsung Galaxy Note 7-ні пайдаланбауды талап етті. Оған пайдаланушының қуаттау барысында телефонның көлік ішінде жарылып кететіндігі себеп болған еді.

ДереккөзҚазАқпарат