7 ақпан күнгі ауа райы: жауын-шашын, бұрқасын, аяз

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 7 ақпан күні ауа райы құбылмалы болады. Батыста, оңтүстік-шығыс пен шығыста қар жауады. Республиканың көп бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын соғады.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғады. Алматы, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында күн тұманды болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел секундына 20 метрге дейін күшейеді.

Алматы, Қарағанды, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында 37-42, кей жерлерде 45 градусқа дейін жететін қатты аяз болады.

Астанада 27 градус аяз, Алматыда 8 градус суық, Шымкентте 2 градус суық болады.

Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында желдің күшеюіне, жаяу бұрқасынға, тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды.