Жаңа аяқкиімнің қорабында болатын толтырылған қалташа не үшін қажет?

силикагель
Фото: Curiousbro.com

Ол — силикагель деп аталатын, бу мен су сіңіретін қасиетке ие, қатты зат. Оны тұрмыста, техникада және зертханалық жұмыстарда пайдаланады.

  • Ылғалсіңіргіш. Суға түсіп кеткен телефонды бөліктерге бөліп силикагельге қойса, бір түн ішінде суын сіңіріп алады. Бұл қасиетінің тағы бір пайдасы — үй жануарларының дәретханасына қолдануға болады;
  • Жағымсыз иісті кетіреді. Ылғал киім сөмкеде қалып қойса, жағымсыз иіс шығып кетеді. Бұл, әсіресе, спорттық сөмкеде жиі болады. Ондағы жағымсыз иісті осы силикагель арқылы кетіруге болады. Силикагель үй жануарлары несебін де сорып алып, иісін жояды;
  • Гүлдің қурауына қарсы әсер етеді;
  • Сақалқырғыш пышағын тозудан сақтайды;
  • Булануды азайтады. Автокөлік терезесі буланбауы үшін силикагельдің 4-5 қалташасын пайдалануға болады. Фотоаппарат линзасының буланбауына да көмектеседі.

Дәптер бетіндегі қызыл сызық не үшін қажет?

дәптер
Фото: Kanzoboz.ru

Бұл сызық оқушының дәптерін тексеретін мұғалімге арналған. Ол жерде оқушының қатесі туралы ескерту немесе басқа да түсініктеме жазылады. Кей дәптерде мұндай белгі болмаса, мұғалім сызықты қолмен сызуды талап ете алады. Сызықтың түсі көбіне қызыл немесе жасыл болады. Ал көлемі 4-5 тордан аспауы керек.

Қаламсап қақпағындағы тесік не үшін қажет?

ручка қалам
Фото: M.fishki.net

Тесік қауіпсіздік үшін жасалған. Адамдардың, әсіресе, балалардың қаламсапты тістелеп немесе сорғыштап отыратын әдеті бар. Қаламсап қақпағының сырт жақ ұшындағы тесік осындай жазатайым сәтте бала өмірін құтқарады. Қалай дейсіз ғой? Қаламсапты аузына салып отырғанда қақпағы абайсызда тамағына кетіп қалса, иненің көзіндей тесіктен кеңірдекке ауа өтіп, бала дәрігерлер көмекке келгенше жан сақтайды.

Chupa Chups таяқшасындағы тесік не үшін қажет?

чупа чупс
Фото: Dictat.net

Әйгілі кәмпит таяқшаларындағы тесіктің атқаратын ролі жөнінде түрлі жаңсақ пікір бар. Бірі бұл қауіпсіздік үшін жасалған десе, енді біреулер балалар ысқырып ойнауы үшін қажет дейді. Расында бұл төртбұрышты тесік карамельді сырғытпай бекіту үшін жасалған.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!