Басты бет Жаңалықтар Қазақстандықтар наурыз айында 14 күн демалады

Қазақстандықтар наурыз айында 14 күн демалады

Қазақстандықтар 2019 жылдың наурыз айында 14 күн демалады. Бұл туралы электрондық үкімет сайты хабарлайды.

Фото: Kzvesti.kz

Мерекеге толы айда 17 жұмыс күні және 14 демалыс күні есептеліп отыр. Көктемнің алғашқы айында тұрғындар екі айтулы мерекені атап өтеді. Алғашқысы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні биыл жұма күніне түсіп отыр. Сол себепті қазақстандықтар тағы 2 күн — сенбі мен жексенбіде демалады.

Ал келесі үлкен демалыс ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде 5 күн демалады. 23 наурыз сенбіге түскендіктен дүйсенбі — 25 наурыз күні де демалыс болып есептеледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version