Басты бетЖаңалықтарҚұрбан айтта...

Құрбан айтта Астана мен Алматыдағы мал союға болатын жерлер

Мал союға арналған Астанада 8 орын, Алматыда 21 орын, Алматы облысында 89, Оңтүстік Қазақстан облысында 36, Қостанай облысында 20, Павлодар облысында 11, Маңғыстау облысында 8, Шығыс Қазақстан облысында 23, Батыс Қазақстан облысында 13, Қарағанды облысында 24, Ақтөбе облысында 11, Атырау облысында 12, Қызылорда облысында 32, Солтүстік Қазақстан облысында 2, Жамбыл облысында 8 орын белгіленген.

Құрбандық шалу орындарының мекен-жайын, қосымша мәліметтерді жергілікті мешіт қызметкерлерінен білуге болады.

Астана мен Алматыдағы мал союға болатын жерлер

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, арнайы белгіленген мына орындарда мал союға болады:

«Нұрбереке 555» ЖШС (Алаш тасжолы), «Айсу» ЖШС (Алаш тасжолы, 10 км), «Темеш» ШҚ («Астана – Алаш тасжолы», 7 км), «Агро Өнім Астана компаниясы» ЖШС, «Жайлау» (Алаш тасжолы, 33), «Мақсат 2007» тасжолы (Железнодорожный кенті Ажар к-сі, 20), «Шаушен» ЖШС (Алаш тасжолы, 10 км).

Құрбан айт мейрамы кезінде Алматыда малды төмендегі мекен-жайларда сояды:

Алатау ауданында: Бекет ата мешіті (Шаңырақ-1 шағын ауданы, Өтемісұлы көшесі 18 А), Әскер ата мешіті (Әйгерім1- шағын ауданы, Ленин көшесі 18А), Мырзахмет мешіті (Қарасу шағын ауданы, Северное кольцо көшесі 60), Алғабас мешіті (Алғабас шағын ауданы, Лермонтов көшесі).

Әуезов ауданы: Таугүл мешіті (Таугүл-3 шағын ауданы, Центральная көшесі 9).

Жетісу ауданы: Әл-Мадина мешіті (Рабочий кенті шағын ауданы, Федоров көшесі 12), Вайнах мешіті (Айтықов көшесі 1, Рысқұлов даңғылының қиылысы), «Ic-commerse» ЖШС-ның мал сою пункті ( Полежаева көшесі 93А).

Медеу ауданы: Алматы қаласының орталық мешіті (Пушкин көшесі 16), «Райымбек батыр» мешіті (Думан шағын ауданы, Хан тәңірі көшесі 1), «Омар ибн Әл Хаттаб» мешіті (Горный гигант шағын ауданы, Жуков көшесі 36), «Фатима» мешіті (Добролюбов көшесі 138).

Наурызбай ауданы: «Таусамалы» базары (Таусамалы шағын ауданы, Қонаев көшесі 2), ДИ кешені маңындағы алаң (Жандосов көшесі 2).

Түрксіб ауданы: «Ферали» мешіті (Жарылғасов,79).

Құрбандық шалынатын мал Алатау ауданында Бекет ата мешітіне қарсы жерде, Әскер ата мешіті жанында, Мырзахмет мешітіне тақау жерде және Үш қоңыр базары аумағында;

Медеу ауданында Райымбек батыр мешітіне қарама қарсы жерде;

Наурызбай ауданында Таусамалы базарында, «ДИ» кешені жанындағы алаңда сатылады.

«Қала тұрғындары мен қонақтарынан жоғарыда аталған мекен-жайда ғана малды сатып алу және сою қажеттігін ескертеміз. Малды сатып алу барысында ветеринарлық құжаттарын сұрауға кеңес беріледі. Сонымен қатар малды белгіленбеген және келісілмеген жерде сатуға, союға тыйым салынады», — делінген қалалық әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Дереккөз365info.kz