Басты бет Жаңалықтар Алматыда қалыңдығы 15 сантиметр қар жауды

Алматыда қалыңдығы 15 сантиметр қар жауды

Көшелерді 2500-ден аса жұмысшы қардан тазалады.

Фото: Liter.kz

Алматыда соңғы тәулікте жауған қардың қалыңдығы 15 сантимер, ал таулы аймақтарда жауған қардың қалыңдығы 25 сантиметрден асты.

Жасыл экономика басқармасының хабарлауынша, көктайғаққа қарсы 4 262 тонна материал қолданылған. Түннен бері 1 100 текше метр қар шығарылды.

Алматы, қар
Фото: Tengrinews.kz

Сағат 08.00-дегі мәлімет бойынша қар әлі жауып тұрды. Басқарманың мәліметінше, көктайғақты болдырмау үшін 155 техника көшелерге құм сепкен. 860 дана техника мен 2 620 жұмысшы көшені қардан тазалады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version