Көрменің салтанатты ашылуы 31 қаңтарда ForteBank Kulanshi ArtSpace галереясында өтті. Шараға суретшілер, көрнекті арт-тарихшылар және шығармашылық, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Көрмеге барлығы 23 суретшінің жұмысы қойылды. Онда Esquire, Cosmopolitan және Playboy журналдарының винтаж суреттері, pin-up стилистикасында орындалған плакат, күнтізбе, гравюра және басқа да көркем шығармалар ұсынылды. Жәдігерлердің басым бөлігі art BANK Петербург жиналысында іріктелген.
![Forte bank көрме](https://baribar.kz/wp-content/uploads/2019/02/7c0aeecab21729f2365d671a79d426cf.jpg)
Көркем шығармалар джаз дәуірінің пайда болуы мен таралуын, Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінің даму қадамдарын, 1960-жылдардағы танымалдылықтың төмендеуі, 1990-жылдардың соңы мен қайта жаңғыруы туралы баяндайды. Көрермендер сол арқылы Джил Элвгрен, Джордж Петти, Чарльз Дана Гибсон және Эрл Моран сияқты суретшілердің шығармашылығымен танысады, — деді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.
Көрмеде қазақстандық ShakerBay брендінің Eastern Stream жаңа топтамасы көрсетіліп жатыр. Топтаманы қазіргі заманғы еуразиялық әйелдің талғамы мен бейнесін жасауды мақсат еткен апалы-сіңлілі Меруерт пен Күнайым Шәкірбаевалар құрған.
Кафтан мен кимоно тарихының жүздеген ғасырға созылғанын білеміз. Бірақ олар — қазіргі заман әйелінің де гардеробының ажырамас бір бөлігі. Біз сәнді журналдардағы суреттерді (to Pin-Up) кеспейміз, еуразиялық заманауи әйелдің талғамы мен бейнесін өзіміз жасаймыз. Бағасы сапасына, өзіндік ерекшелігі мен бірегейлігіне байланысты қойылды, — деп түсіндірді «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығы тәлімгерлік кеңесінің төрайымы Лейла Махат.
«Гламурға – 112 жыл. Pin-up & fashion» көрмесі ForteBank ғимаратында 2019 жылдың 16 наурызына дейін өтеді.
Көрме Астананың Достық көшесі 8/1 мекен-жайында, күн сайын, сағат 9:00-20:00 аралығына дейін жалғасады. Кіру – тегін.