Киберқауіпсіздік мамандығын онлайн оқыту басталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі баспасөз қызметінің хабарлауынша, электрондық еңбек биржасы порталында қаңтардан бастап онлайн цифрлық дағдылар бойынша оқыту басталды.

Курс киберқауіпсіздік және кешенді интернет жүйесіне кіріспе мамандықтары бойынша оқытылады, теория мен тәжірибе қатар қамтылады. Ол 10 күнге созылады. Курстың соңында азаматтар бүкіл оқу мазмұнын қамтитын баға алады. Курсты аяқтағаны туралы сертификатқа ие болуы үшін оқуды ойдағыдай тәмамдап, сауалнамаға қатысуы қажет, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

2019 жылдың ақпанынан бастап Жұмыспен қамту орталықтарында компьютерлік графика және негізгі IT дағдылары мамандықтары бойынша пилоттық режимде оқыту жоспарланып отыр.

Cisco Networking Academy — оқушыларға ғаламдық экономикада қажет интернет технология туралы білім беретін электрондық оқытудың кешенді бағдарламасы. Ол интернет арқылы қолжетімді материалдарды, білім беруді бағалау құралдарын, студенттердің академиялық үлгерімін бақылау құралдарын, тәжірибелік зертханалық сабақтарды және кәсіби танылған сертификаттарды алу үшін оқыту курстарын қамтиды.