Басты бетЖаңалықтар"7-20-25": қандай...

«7-20-25»: қандай пәтерлерге сұраныс артқаны белгілі болды

«7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін, құны 8-14 миллион теңге аралығындағы пәтерлерге сұраныс артты.

Құны 8 миллион теңге тұратын пәтер үшін ай сайын (несие мерзімі 25 жыл болғанда) 45 мың теңге, ал 10 миллион теңге пәтер үшін — 56 мың теңге, құны 12 миллион теңге пәтер үшін — 79 мың теңге төлеп отыру керек.

«Баспана» ұйымы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «7-20-25» бағдарламасына қатысқан Астана тұрғындарының орташа айлық табысы — 170 мың теңге, алматылықтардың айлық табысы — 150 мың теңге, Шымкент тұрғындарының айлық табысы — 120 мың теңге. Ипотекамен тұрғын үй сатып алған басқа өңір тұрғындарының орташа айлық табысы — 70 мың теңге.

Бұл статистика кейбір БАҚ-та жарияланған «Бағдарламаға қатысу үшін кем дегенде 300 мың теңге көлемінде табысың болуы керек» деген тұжырымды жоққа шығарады.

29 қаңтардағы жағдай бойынша, халықтан 92 миллиард теңгеге 7949 өтінім қабылданған. Олардың ішінен банктер 55 миллиард теңге сомасына 4612 өтінішті мақұлдады.

ДереккөзInform.kz