• Ақшаны мемлекет өзі басып шығаратын болса, неге мұқтаж жандарға көп ақша шығарып бермейді?
  • Қазақстан жерінде 1949–1989 жылдар аралығында қуаты әртүрлі 470-ке жуық ядролық жарылыс жасалды. Оның зардабы ауаға, табиғатқа, жануар мен адамға тиді. Ядролық жарылыстың зиянын біле тұра неге сынақ жасалды?
  • Ұшақ апаты туралы ақпаратты көп естиміз. Ондағы жолаушылардың аман қалуы сирек кездеседі. Ұшақ бортына неге парашют орнатпайды? 

Мемлекет неге көп ақша шығармайды?

Теңге күні
Теңге. Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Күнкөріс үшін пайдаланатын тауардың нақты мөлшері бар. Мемлекет сол тауардың санынан артық ақша шығара алмайды. Нарықта қанша тауар болса, сондай көлемде ақша да болуы керек. Егер, тауар аз болып, ақша шығара беретін болса, елде инфляция болады. Инфляция дегеніміз — бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауар мен қызмет сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы.

Ақшаның көбейіп кетуінен болатын проблеманың бірі — жұмыссыздық. Халықта ақша көп болған сайын, олардың жұмыс істеуге қабілеті де төмендейді. Соның әсерінен мемлекет құрдымға кетеді.

Ядролық жарылыстың зиян екенін біле тұра неге сынақтан өткізді?

ядролық жарылыс
Фото: File.army

КСРО кезінде болған ядролық сынақтың мақсаты — жер астындағы қазба байлықты игеру. Жарылыс жасау арқылы жерасты қыртыстарында жатқан кенді жер бетіне жақындатқысы келді.

Кезінде КСРО-ның Атом өнеркәсібі министрлігіне қараған ВНИПИпромтехнология институтының дерегінше, империяның жерінде 1994 жылға дейін 124 «бейбіт мақсаттағы ядролық жарылыс» жасалған. Олардың төртеуі сәтсіз аяқталып, экологиялық апатқа әкелген («Кратон-3», «Кристалл», «Тайга» және «Глобус-1» сынақтары). 24 жарылыстың зардабы жер мен ауаны ластады.

«Бейбіт» мақсатта жасалған жарылыстардың негізгі мақсаттары:

  • жерасты қыртыстарындағы геологиялық құрылымдар мен қазба байлықтарын анықтау;
  • мұнай мен газ өндіруді жылдамдату;
  • тасты тұз кешендерінің ішінен жерасты қуыстарын жасау;
  • жарылған, атқылаған мұнай мен газ фонтандарын жабу;
  • кен шоғырларын үгіту.

Ұшақта неге парашют болмайды?

самолет парашют
Фото: MEGASMI

Ұшақтың стандарт биіктігіндегі ауа температурасы -40 тан -60 °C дейін барады. Ондай биіктікте оттегі де болмайды.

Әр ұшақ бортында 100-ден 500-ге дейін орын болса, оның бәріне парашют қою шығынға ұшыратады. Ол ұшу билеті бағасының қымбаттауына әсер етеді. Оны сақтау үшін де орын қажет. Парашютті ұшаққа орнату үшін бірнеше жолаушы орнын алып тастау керек болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!