Басты бет Қоғам Мектеп оқушылары жаңа әлеуметтік желіні құрастырды

Мектеп оқушылары жаңа әлеуметтік желіні құрастырды

Әлеуметтік желіні 12 және 14 жастағы апалы-сіңлілі қыздар әзірлеген.

Фото: Blog.channeldir.com

Алиля мен Әлия Нарықбаевалар интернет-платформаны  Жастар жылы форумында Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырды.

24.kz арнасына сұхбат берген қыздар Generation Next деп аталатын портал туралы айтты.

Бұл портал — әлеуметтік желінің жаңартылған түрі. Дәлірек айтқанда, сайтта бірнеше интернет-ресурс біріктірілген. Мұнда интернет пайдаланушылары бір-бірімен танысып, әңгімелесіп қана қоймай, сан түрлі тақырыпта жаңалықтар оқып, психологтың ақыл-кеңесіне жүгіне алады, -дейді олар.

Next Generation жобасының жетекшісі Гүлнәр Арыстанованың айтуынша, авторлар жобаны екі ай әзірлеген.

Алдағы екі апта ішінде оны тестілеуден өткіземіз. Тек содан кейін порталдың сілтемесін бөлісуді жоспарлап отырмыз, — дейді Гүлнәр Арыстанова.

Апалы-сіңлілі оқушыларлың бастамасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көңілінен шықты. Президент жобаның сәтті іске асуы үшін Үкіметке осы істі ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version