Сауалнамаға Алматыдағы жоғары оқу орындарының 18-25 жас аралығындағы 773 студенті қатысты, олардың 388-і ер, 385-і әйел.
Респонденттердің 38%-ы алғаш алкогольді 16 жаста, 37%-ы 16-18, 20%-ы 18-21 жас аралығында ішсе, тек 5%-ы 21 жастан асқанда пайдаланған.
Алкогольді алғаш кіммен, қайда ішкені туралы сұраққа респонденттердің 41%-ы достарымен, 31%-ы туыстарымен, 17%-ы кафелер мен барларда, 11%-ы тек көшеде пайдаланатынын айтқан.
«Алкогольдің қандай түрін жиі пайдаланасыз?» деген сұраққа студенттердің 33%-ы қызыл шарап десе, 24%-ы күшті алкоголь өнімдерін, 22%-ы сыра, 17%-ы коктейльді, 6%-ы үй шараптары мен самогонды тұтынады.
Сауалнамаға қатысқандардың 5%-ы алкогольді тәулік бойы ішетінін мойындаса, 15%-ы аптасына бір немесе екі рет, ал 29%-ы айына бірнеше рет қабылдайтынын жеткізген. Респонденттердің тағы 29%-ы тек сауық-сайран мен мереке күндері, 22%-ы жылына бір-екі рет ғана сатып алатынын айтқан.
Зерттеудің нәтижесінде жастартардың алкогольдің қаншалықты зиян екенін жетік білмейтінің байқадық. Әсіресе, студенттер спирттік ішімдіктің өздерінің бүгіні мен болашағына кері әсерін мойындамайтыны алаңдатады. Сондықтан алкогольдің зияны туралы қазақстандық жастарға барынша ақпарат беру қажет, — дейді «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова.