Жастар саясатына мемлекеттік қолдау қажет. Бұл туралы «Қарсы» қоғамдық жастар қозғалысының төрағасы, «Жас Отан» жастар қанатының Астанадағы филиал төрағасының бірінші орынбасары Бақдәулет Жанділдаев айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Бұл — біз үшін үлкен құрмет, өйткені жастардың жағдайын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылданатын болады. Бұл жыл жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға ықпал етеді. Бұл біз үшін өте маңызды! Алдағы 10 жылда еліміздің жас буыны отбасын құрып, жұмысқа орналасады, жұмыс істейді және оқиды. Дәл осы жастар 2050 жылға қарай жаңа Қазақстанды дамытады. Олар үшін бұл — үлкен мүмкіндік, — деді ол.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды кешенді қолдау мақсатында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады.