Алматылық жігіт 1 миллион теңгенің иесін іздейді

Алматылық бір жолаушыны сұраған жеріне жеткізіп салған. Бірақ оның кім екенін нақты білмейді. Мақсаты мақтау естіп, атын шығару емес. Тіпті, өзінің түрін көрсетпеуді өтінген. Миллион теңге тауып алған азаматтың әмиянның иесіне қоятын талабы бар.

Кім Осы қызыл әмиянның ішінде қандай заттар болғанын айтады, ақшаны сол адамға беремін. Әмиянның иесін күтемін, – дейді Арман Зәкіров.

Арман полицияға сенбейтінін, сондықтан олардың көмегіне жүгінбегенін айтады. Ол миллион теңгеден астам ақшасын жоғалтқан адамға әмиянды өз қолымен табыстағысы келеді. Себебі ол науқас адамның еміне жиналған немесе біреудің қарызға алған ақшасы шығар дейді. Әмиянның иесі табылмаса, қомақты қаржының тағдырын өзі  шешетінін айтты.

Иесі табылмаса, мұқтаж жандарға апарып беремін. Десек те, табылады деп үміттенемін, – дейді ол.

Қызыл әмиянның ішінде миллион теңгеден бөлек бірнеше АҚШ доллары да бар. Арман ақшаны иесіне қайтарып бергені үшін сыйақы алмайтынын айтты.

Дереккөз"31 арна"