Басты бет Жаңалықтар Өзбекстанның уақытша Президенті тағайындалды

Өзбекстанның уақытша Президенті тағайындалды

Өзбекстан парламенті қос палатасының бірлескен отырысында премьер-министр Шавкат Мирзияев Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді.

Шавкат Мирзияев
Шавкат Мирзияев

«Шавкат Мирзияев бүгін Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді, сенат төрағасы Ниғматулла Юлдашев  бұл қызметтен өзі бас тартты», — деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.

Еске сала кетейік, Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Кәрімовтың 2 қыркүйекте дүниеден өткендігі ресми хабарланды.

Өзбекстанның уақытша Президент қызметіне тағайындалған 58 жастағы Шавкат Мирзияев 2003 жылдан бері үкіметті басқарып келді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version