«Шавкат Мирзияев бүгін Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді, сенат төрағасы Ниғматулла Юлдашев бұл қызметтен өзі бас тартты», — деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.
Еске сала кетейік, Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Кәрімовтың 2 қыркүйекте дүниеден өткендігі ресми хабарланды.
Өзбекстанның уақытша Президент қызметіне тағайындалған 58 жастағы Шавкат Мирзияев 2003 жылдан бері үкіметті басқарып келді.