Логотип 23 қаңтарда Астанада өтетін Жастар жылының ресми ашылуына арнайы жасалды. Белгіде жыл сайынғы көші-қон кезіндегі тырналардың ұшуы көрсетілген. Ұшудың бұл тәсілі үлкен құстарға энергияны көп қажет ететін қашықтықты еңсеруге мүмкіндік береді. Ұшу кезінде әрбір құс қанатының соңында әуе кептелісі пайда болады. Сондықтан құстар жинақыланып, бірлескен қимылдың арқасында қосымша көтерілу күшіне ие болады.
Бұл бастама — жастардың өзара іс-қимылын көрсетудің ең жақсы тәсілі. Тырналар мәңгілік жастық, бақыт пен сәттілікті бейнелейді. Жастар саясатындағы негізгі жетістікке бірлескен күш-жігер, тәжірибе алмасу және жастардың білімі арқылы қол жеткізуге болады,- дейді Қоғамдық даму министрлігінің өкілі.
Авторлар логотиптің түстік гаммасына ерекше көңіл бөлген. Мысалға сары түс — позитив энергетиканы, мерекені, күннің нұрын, көгілдір түс — кеңшілікті, шығармашылық әлеует пен достық қарым-қатынасты білдіреді. Көк түс — рухани тазалық мен кемелдікті, қызғылт-сары түс – тұрақтылықтың, қуаныштың, достық қарым-қатынастың символы.