Басты бет Жаңалықтар Алматының жанармай құю бекеттерінде АИ-92 арзандады

Алматының жанармай құю бекеттерінде АИ-92 арзандады

Жанармай құю бекеттерінің таблосындағы АИ-92 маркалы бензиннің бағасы өзгерді.

Фото: Nashreporter.com

Бұған дейін АИ-92 бензинінің бір литрі 156 теңге еді.

Royal Petrol мен Petrol Asia сайттарында бұл бензиннің бағасы — 149 және 147 теңге. Sinooil жанармай құю бекеті де АИ-92 бензинін 149 теңгеге сатып жатыр.

Бұған дейін барлық жанармай құю бекеттері АИ-92 бензинінің бір литрін 156 теңгеге бағалаған еді.

Ал «ҚазМұнайГаз» бен Helios бекеттері АИ-92 маркалы бензинін 152 теңгеге сатып жатыр.

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, «Газпромнефти» жанармай бекетінде бұл бензин түрі бұрынғы бағасында қалған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version