Басты бет Қоғам Заңсыз такси жүргізушілерінің көлігі тәркіленуі мүмкін

Заңсыз такси жүргізушілерінің көлігі тәркіленуі мүмкін

Құқық қорғау органдары алматылық такси жүргізушілерінің салық органдарына тіркелуін тексеріп жатыр.

Фото: Іnform.kz

Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының хабарлауынша, жергілікті полиция қызметі бір күн ішінде салық органдарына тіркелмей, жолаушы тасып жүрген 17 жүргізушіні тапты. Барлық жүргізушіге 10 күн ішінде өз еркімен жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге рұқсат берілді. Бұдан бас тартса, іс материалдары сотқа жіберіліп, жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 463-бабына сәйкес салық органдарына тіркелмей, жеке кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғаларға 15 АЕК (37 875 теңге) айыппұл салынып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Салық органдарына тіркелу үшін азаматтар жеке куәлігімен ХҚКО-ға баруы керек. Жеке кәсіпкерлер салық ретінде табысының 1%-ын төлейді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version