Басты бет Әдебиет Аида Балаева қазақ әдебиеті антологиясын әлем тілдеріне аударушылармен кездесті

Аида Балаева қазақ әдебиеті антологиясын әлем тілдеріне аударушылармен кездесті

Қазақ әдебиетінің антологиясы әлемге 60 мың данамен тарайды. Антология екі жинақтан тұрады. Бірі – проза, екіншісі – поэзия шығармалары.

Фото: Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комисия хатшысы, ҚР Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева қазіргі қазақ әдебиеті антологиясын БҰҰ-ның 6 тіліне аударып жатқан аудармашылармен және редакторлармен кездесті. Кездесуде Ұлыбритания, Испания, Франция, Ресей және Қытай мемлекеттерінен келген аудармашы-әдебиетшілер қазақ әдебиеті жинақтарын аудару барысы туралы айтты.

Аида Балаева қазақ әдебиетінің үздік үлгілерін БҰҰ-ның 6 тіліне аудару бастамасы бұрын-соңды болмаған ерекше жоба екенін айтты.

Біздің басты міндетіміз — аударманың көркемдік сапасын қамтамасыз ету. Біз ол үшін қажет дүниенің барлығын істеп жатырмыз. Сондықтан аудармашылар мен біздің авторлардың осындай кездесуі бұл міндетті орындауымызға септігін тигізеді деген үміттемін, — деді ол.

Сонымен бірге Аида Балаева шетел мамандарын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында айтылған мәдениет пен әдебиетті дамыту шараларымен таныстырып, оны іске асыруға атсалысуға үндеді.

Еске салайық, бұған дейін қазақтың 60 ақын-жазушысының шығармасы топтастырылған антологияның ағылшын, француз, испан және орыс тілдеріне жолма-жол тәржімалау аяқталғаны хабарланған еді. Енді қытай мен араб тілдеріне жолма-жол аудармалау процесі жүріп жатыр. Аудармашылар мен қазақстандық авторлардың мұндай кездесуі аударманы түпнұсқа мәтінге мейлінше жақындатып, оның көркемдік сапасын арттыруды қамтамасыз етпек.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version