Тәуелсіз Қазақстанды басқарған премьер-министрлер

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес атқарушы биліктің (Үкімет) басшысы. Атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Ол өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.

Сергей Терещенко
Сергей Терещенко

1991-1994 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметін мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Александрович Терещенко атқарды.

Әкежан Қажыгелдин
Әкежан Қажыгелдин

Әкежан Мағжанұлы Қажыгелдин — Қазақстанның 1994-1997 жылдар аралығындағы Премьер-министрі, оппозиционер.

Нұрлан Балғымбаев
Нұрлан Балғымбаев

Балғымбаев Нұрлан Өтепұлы (20 қараша 1947 жыл Атырау — 14 қазан, 2015 жыл, Атырау) — мемлекет қайраткері. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметін 1997-1999 жылдар аралығында атқарған.

қасым жомарт тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17.06.1953 Алматы) — мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы. ҚР Премьер-Министрі қызметін 199-2001 жылдар аралығында атқарған. Саяси ғылымдар докторы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 жыл бойы Қазақстанның Үстел теннисі федерациясының Президенті болды. Қазіргі таңда Федерация жұмысына Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы ретінде атсалысуда.

Иманғали Тасмағамбетов KADEX-2016
Иманғали Тасмағамбетов

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов — Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының 5-нші Премьер-Министрі (2001-2003). И. Тасмағамбетов 2008 жылдың 4 сәуірінен бастап 2014 жылдың 22 қазанға дейін Астана қаласының әкімі ретінде қызмет етті. Қазіргі таңда ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Даниал Ахметов
Даниал Ахметов

Даниал Кенжетайұлы Ахметов — Шығыс Қазақстан облысы әкімі, саяси қайраткер, экономика ғылымдарының докторы (2003). ҚР Премьер-Министрі қызметін 2003-2007 жылдар аралығында атқарған.

Серік Ахметов
Серік Ахметов

Серік Нығметұлы Ахметов (25 маусым 1958, Теміртау қаласы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — Қазақстан Республикасының сегізінші Премьер-Министрі. Үкімет басшылығында Серік Нығметұлы 2012-2014 жылдар аралығында отырған.

Кәрім Мәсімов
Кәрім Мәсімов

Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы — 2014 жылдың 7 сәуірінен бастап ҚР Үкіметі басшысы, Қазақстан Республикасысының Премьер-Министрі (2007 — 2012), мемлекет қайраткері. Мамандығы бойынша қаржыгер, заңгер, қытайтанушы, экономика ғылымдарының докторы.

Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев — 2016 жылдың 9 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметі басшысы. Табиғи монополиялар саласын мемлекеттік реттеу, шағын және орта бизнесті дамыту тақырыптарына арналған бірқатар ғылыми жұмыстың авторы.

2012 жылдың 24 қыркүйек күні Кәрім Мәсімов Үкімет басшысы ретінде жұмыстан кететіндігі туралы арызын берді. Президент Н.Назарбаев өтінішті қабылдады. Сол күні М.Мәсімов Президент Әкімшілігінің Басшысы ретінде тағайындалды. 2014 жылдың 7 сәуірінен Қазақстан Республикасының Президенті жарлығыменен Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалады.

2016 жылдың 8 қыркүйегінде ҚР Президенті Н. Назарбаев «Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босатылсын» деген Жарлыққа қол қойды.