Басты бет Жаңалықтар Сатылып жатқан шұжық өнімдерінің 143 сынамасынан шошқа ДНҚ-сы табылды

Сатылып жатқан шұжық өнімдерінің 143 сынамасынан шошқа ДНҚ-сы табылды

Ай сайынғы мониторинг нәтижесінде сүт өнімдерінің 99 сынамасы да талапқа сай келмей шықты.

Фото: Dpchas.com.ua

Қазақстан сарапшыларының шұжық өнімдерін тексеруі барысында 143 сынамадан шошқа ДНҚ-сы табылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі ай сайын бақыланады. 2018 жылы тексеру үшін өнімдердің 70 мың сынамасы сатып алынды, зертханалық сараптама қорытындысы бойынша оның 9 740-ы талапқа сай болмай шыққан.

Негізгі талап бұзу жағдайлары — өндірушілердің таңбалау ережелерін сақтамауы — 69%, қауіпсіздік көрсеткіштерінің сәйкессіздігі — 23,5%, өнімнің жарияланған қасиеттері мен физика-химиялық көрсеткіштерінің сәйкессіздігі — 7,2%. Мысалға, фальсификация құрамында өсімдік майы бар сүт өнімдерінің 99 сынамасынан және шошқа ДНҚ-сы бар шұжық өнімдерінің 143 сынамасынан анықталды, — деді министр.

Денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша, мониторинг қорытындысы бойынша талапқа сай келмейтін өнімдердің негізгі көлемі — 66%-ы — импорт, 34%-ы — отандық өнім. Министр 2018 жылы саудадан қауіпті өнімнің 22 тоннадан астамы алынып, жойылған. Жалпы сомасы 70 миллион теңгеден асатын айыппұл салынды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version