Басты бетЖаңалықтарСатылып жатқан...

Сатылып жатқан шұжық өнімдерінің 143 сынамасынан шошқа ДНҚ-сы табылды

Қазақстан сарапшыларының шұжық өнімдерін тексеруі барысында 143 сынамадан шошқа ДНҚ-сы табылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі ай сайын бақыланады. 2018 жылы тексеру үшін өнімдердің 70 мың сынамасы сатып алынды, зертханалық сараптама қорытындысы бойынша оның 9 740-ы талапқа сай болмай шыққан.

Негізгі талап бұзу жағдайлары — өндірушілердің таңбалау ережелерін сақтамауы — 69%, қауіпсіздік көрсеткіштерінің сәйкессіздігі — 23,5%, өнімнің жарияланған қасиеттері мен физика-химиялық көрсеткіштерінің сәйкессіздігі — 7,2%. Мысалға, фальсификация құрамында өсімдік майы бар сүт өнімдерінің 99 сынамасынан және шошқа ДНҚ-сы бар шұжық өнімдерінің 143 сынамасынан анықталды, — деді министр.

Денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша, мониторинг қорытындысы бойынша талапқа сай келмейтін өнімдердің негізгі көлемі — 66%-ы — импорт, 34%-ы — отандық өнім. Министр 2018 жылы саудадан қауіпті өнімнің 22 тоннадан астамы алынып, жойылған. Жалпы сомасы 70 миллион теңгеден асатын айыппұл салынды.

ДереккөзTengrinews.kz