Басты бет Жаңалықтар Енді 3 күн ішінде үйленуге болады

Енді 3 күн ішінде үйленуге болады

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бірқатар мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыратын, оның ішінде некені тіркеу мерзімін қысқартатын заң жобасы әзірленетіні туралы айтты. 

Иллюстрация © Бекзат Исамбергенов

Министрдің айтуынша, заң жобасы 43 заң мен 10 кодекске 500-ден астам түзету енгізуді қарастырады. Аталған жоба 121 мемлекеттік қызмет түрін оңтайландыруға бағытталған.

Мысалы, некені тіркеу қызметін жеңілдету жоспарланып отыр. Бұл неке қию мерзімін бір айдан үш жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Салық төлеушілердің артық төлеген сомаларды автоматты түрде қайтару қарастырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бір ғана нормативтік актімен реттеуге мүмкіндік беретін түзетулер көзделген. Барлығы 3,5 мың стандарт пен ережені жоюға бағытталады, — деді Дәурен Абаев.

Министр қазіргі таңда қазақстандықтардың 64%-ы интернетке шығу үшін смартфон пайдаланатынын, сондықтан M-Gov мобильдік қосымшасын дамыту шешуші бағыт болып отырғанын айтты.

Қазір қосымшада сервистің 80 қызметі ғана қолжетімді. Сондықтан мобильдік және веб-нұсқаларды синхрондау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымшаны пайдаланушылар — 1,3 миллион азамат. 2018 жылы M-Gov арқылы 3,6 миллион қызмет көрсетілген, — деп толықтырды Дәурен Абаев.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version