Басты бет Басты Кәрім Мәсімов Үкіметтен кетті

Кәрім Мәсімов Үкіметтен кетті

Нұрсұлтан Назарбаев «К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Кәрім Мәсімов. Фото: Kaztrk.kz

«Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін», — делінген Жарлықта.

Құжат қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетелік, Мәсімов 2007-2012 жылдардың аралығында Қазақстан премьер-министрі қызметін атқарған. Сол жылдың қыркүйегінде Президенті әкімшілігінің жетекшісі болды. 2014 жылдың 2 сәуірінде Үкіметбасы қызметіне қайта оралып, 2015 жылдың 29 сәуірінде бұл қызметке қайтара тағайындалған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version