«Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін», — делінген Жарлықта.
Құжат қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетелік, Мәсімов 2007-2012 жылдардың аралығында Қазақстан премьер-министрі қызметін атқарған. Сол жылдың қыркүйегінде Президенті әкімшілігінің жетекшісі болды. 2014 жылдың 2 сәуірінде Үкіметбасы қызметіне қайта оралып, 2015 жылдың 29 сәуірінде бұл қызметке қайтара тағайындалған еді.