Илья Афанасьев түсірген Қазақстанның 11 көрікті мекені

Илья Қазақстанның және Орталық Азияның өзге елдеріндегі пейзаждарды 2010 жылдан фотоға түсіре бастады. Оның саяхаттарының нәтижесі — жолжазбалары және сұлу пейзаждар көрсетілетін фотоесептер. Оның көптеген жұмыстары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры елімізде және шетелде өткізетін «Беймәлім Қазақстан» атты бірнеше көрмеге материал ретінде алынды.   Бес жылдан бері Илья Photosafari.KZ командасымен бірге Қазақстанды аралап, бірегей табиғи ескерткіштерді іздеп келеді.

Илья Афанасьев шығармашылығымен толығырақ http://isostan.com/ia/index.html сайтында танысуға болады.

Алдағы уақытта “Открытая Азия онлайн” сіздерді осы мекендердің әрқайсысымен толығырақ, Илья Афанасьевтің жолжазбалары арқылы таныстырады. Әзірге, осы көріністерді тамашалай тұрыңыздар.

1. «Алтын Емел» ұлттық паркі. Алматы облысы

«Алтын Емел» атауы моңғол тілінен шығады және «Алтын ер» дегенді білдіреді. Бір аңыздар бойынша, 1219 жылы Шыңғысханның әскері Орталық Азияны жаулап алуға аттанып, осы алқапты кесіп өтіп бара жатқанда, күн батып бара жатқан шақта сарғайған шөп жамылған тауларды көріп, ұлы қолбасшы «Алтын ер!» деген екен. Алтын Емел асуы шын мәнінде сырттай қарағанда ер-тоқымға ұқсайды.

Алтын Емел

Алтын Емелдің бір көркі — Іле өзенінің түбінен жел ұшырып келген құмнан түзілген әнші шағылдар. Құм төбелердің дыбыс шығаруының себебі — құм түйірлерінің бір-біріне үйкелгендегі дыбыс.

Алтын Емел

2. Ақтолағай. Үстірттің солтүстік шеті. Ақтөбе облысы

Шатқал үлкен аумақты алып жатыр. Бұл мекен әлі көпшілікке танымал емес, әрі туристердің келуі де қиын. Мұнда табиғат ақ бор түсті керемет ландшафт жасап шығарыпты.

Ақтолағай. Үстірттің солтүстік шеті. Ақтөбе облысы

Бағзы замандарда, көп ғасыр бұрын, бұл үстірттің орнында теңіз болған. Топырақты қазып жіберсеңіз, теңіз жәндіктерінің тас болып қатқан қалдықтарын, акулалар мен теңіз түбін мекендеген өзге де мақұлықтардың сүйегі мен тісін тауып аласыз.Ақтолағай. Үстірттің солтүстік шеті. Ақтөбе облысы

3. Батыс Алтай қорығы. Шығыс Қазақстан облысы.

Қорық Батыс Сібір даласы, Оңтүстік Сібір және Орталық Азия таулары мен Қазақстаншөл далаларының тоғысында орналасқан. Жақын маңда мұхит пен теңіз жоқ болғандықтан, бұл жердің климаты континентальдық, ол температураның шұғыл өзгеруінен көрінеді. Мұндағы жылдық орташа температура — +1,5°С.

Батыс Алтай қорығы

Осы аймақ пен табиғи қорықтағы ең танымал жер — «Қара торап» деп аталатын үш шоқының (Көксу, Иванов және Холзун) түйіскен тұсы. Туристер арасында ерекше танымал «Тас ертегі» де осында орналасқан.

Батыс Алтай қорығы

4. Қарқаралы таулары. Қарағанды облысы

Қарқаралы таулары — қазақ майда шоқыларының шығыс бөлігіндегі тау массиві. Олардың биіктігі 1403 метрге дейін жетеді. Тау беткейлерінде қарағайлы ормандар кездеседі. Алайда, бұл орынның басты ерекшелігі — мұнда мұз дәуірінен қалған өсімдіктердің жұрнағын, сирек кездесетін және жоғалып бітіп бара жатқан өсімдіктерді кездестіруге болады.

Қарқаралы таулары. Қарағанды облысы

Қарқаралы таулары. Қарағанды облысы

5. Табан-Қарағай. Алматы облысы

Табан-Қарағай үстіртін аспан астындағы пейіш деп жиі атайды. Алматы облысының тура орталығында орналасқанымен, ол туристер үшін толық зерттелмеген, әрі жету де оңай емес жер болып келеді. Алайда, осында жете алған табанды фотосуретшілерге берер бұл мекеннің сыйы бар. Мұндағы пейзаждарда бүкіл Қазақстанның бар пейзажы тоғысқан!

Табан-Қарағай. Алматы облысы

Қызық пішінді жартастар да, асқақ таулар да, алуан түрлі гүл-өсімдіктермен көмкерілген алқаптар да бар. Бұлт торлаған аспан астында үйір-үйір жылқы, табын-табын сиыр, отар-отар қой жайылып жүреді.

Табан-Қарағай. Алматы облысы

6. Торыш — шар тәрізді конкрециялар алқабы. Маңғыстау облысы

Бір аңыздар бойынша, Маңғыстау жеріне жау басып кіреді. Жергілікті тұрғындар аспанға қол жайып, көмек сұрайды. Сол кезде аспаннан нөсер құйылып, күн күркіреп, найзағай жарқылдай бастайды. Бір сәтте жау әскерінің бәрі тасқа айналып кете барады.  Осылайша айрықша тас мүсіндер — шар тәрізді конкрециялар шашылған алқап пайда болған екен.

Торыш - шар тәрізді конкрециялар алқабы. Маңғыстау облысы

Торыш - шар тәрізді конкрециялар алқабы. Маңғыстау облысы

7. Қаратау таулары. Оңтүстік Қазақстан облысы

Бұл өте көне таулар. Геологиялық тарихында үлкен өзгерістерге түскен. Шатқалдардың қойнауында шағын өзендер мен бұлақтар көп. Сондай-ақ, Қаратау тауларын көптеген ащы, тұщы көлдер қоршап жатыр.

Қаратау таулары

Бірнеше жыл бұрын, осы мекенді биіктен түсіріп жүрген фотограф Перудағы Наска алқабындағы суреттерге ұқсайтын кескінді байқайды. Ол — қызық пішінді екі құрылыс сұлбасының ортасында малдас құрып отырған адамның кескіні болатын.

Қаратау таулары

8. Жығылған мүйісі. Маңғыстау облысы

Жығылған – әктас қабатының астындағы саз балшықты-құмды қабаттың сулануы нәтижесінде пайда болған үлкен геологиялық сырғыма. Танымалдығына қарамастан, Жығылған әлі де зерттеліп болмаған, құпия мекен болып қалып келеді. Мұнда аруақтар жүреді деген де сөз бар.

Жығылған мүйісі. Маңғыстау облысы

Жығылғанның адамзатқа берген сыйы — бетінде ірілі-уақты мысықтар мен қазіргі есектің көлеміндей шағын жылқылардың қайраңға батып қалған екі «бармақты» тұяғының тасқа айналған іздері батырылып салынған тақталар сынықтарын көру мүмкіндігі.

Жығылған мүйісі. Маңғыстау облысы

9. Бектау-Ата тауы. Қарағанды облысы

Бектау-Ата тау сілемдері — Солтүстік Балқаш маңы оазисі — Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 70 шақырымда орналасқан. Теңіз деңгейінен сегіз жүз метр биіктікке жетеді. Сол үшін де оны Балқаш маңы шамшырағы деп те атайды.
Бектау-Ата шатқалында жүздеген өсімдік түрі өседі, олардың 45-і — сирек кездеседі, ал сегізі Қызыл Кітапқа енгізілген.

Бектау-Ата тауы

Таудың атауымен байланысты Әулие Атабек туралы аңыз бар: бұл әулие адам қазақтар жоңғарлармен соғысқан ғасырда өмір сүрген. Бірде ол жаудан қашып, таудағы ең үлкен үңгірге барып тығылады, ал Алла тағала сол жерде әулие қартқа арнап тастан тұщы су көзін ашып береді.

Бектау-Ата тауы

10.  Язевое көлі. Шығыс Қазақстан облысы

Язевое көлін Алтайдың Қазақстан жақтағы бөлігінің меккесі деп атауға болады. Ол теңіз деңгейінен 1685 м биікте, Қатын мұздығының бір тармағы өтетін қатпарда орналасқан. Ұзындығы 3 шақырым, ені 800 м, тереңдігі 10 м. Судың түсі сарғыш-жасыл, мөлдірлігі 4,2 м.

Язевое көлі. Шығыс Қазақстан облысы

Күн ашықта Алтайдың ең биік шыңы — аты аңызға айналған Белуха тауы айналасындағы жоталардың бәрімен бірге көлдің суына шағылып көрінеді.

Язевое көлі. Шығыс Қазақстан облысы

11. Бозжыра шатқалы. Маңғыстау облысы

Бозжыра – Үстірттің шеткі шыңдарының бір бөлігі. Мұнда табиғат қиялына ерік беріп, ақ түсті ерекше ландшафт жасап шығарған.

Бозжыра шатқалы

Бозжыраның басты ерекшелігі — пішініне қарап Азу аталып кеткен екі әктас шың. Олардың түбінен ұшына дейінгі биіктігі — 200 метрден асады. Аздаған адам ғана білетін соқпақ жол саяхатшыны тар алаңқайға алып шығады, ол жерде Бозжыра қамалдар алқабының айрықша көріністері ашылады.

Бозжыра шатқалы

Дереккөзtheopenasia.net/kz