Басты бет Жаңалықтар Жауын-шашын, тұман мен бұрқасын. 11 қаңтар күнгі ауа райы

Жауын-шашын, тұман мен бұрқасын. 11 қаңтар күнгі ауа райы

Республиканың батысында ғана жауын-шашын болмайды.

Фото: Smi44.ru

Жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын. «Қазгидромет» РМК мамандары 11 қаңтарда атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің аумағында ауа райы тағы да құбылмалы болатынын хабарлады.

Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, секундына 25 метрге дейін күшейетін жел соғады. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады, тұман түседі.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі.

Астанада 16 градусқа дейін аяз болады. Алматыда 3 градусқа дейін, Шымкентте 4 градусқа дейін жылы болады.

Тағы да оқыңыз: Қаңтар айында ауа райы қандай болады?

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version