Басты бет Жаңалықтар Солтүстік Қазақстанда 5 оқушы ғана оқитын мектеп бар

Солтүстік Қазақстанда 5 оқушы ғана оқитын мектеп бар

Еліміздегі ең шағын мектеп Солтүстік Қазақстан облысындағы Бірлік ауылында ашылды. Мұнда небәрі бес оқушы бар. Бала санының аздығынан үш жыл бойы жабық тұрған білім ордасы биылдан бастап қайта жұмыс істеп жатыр. Бұған осы өңірге Қытайдан қоныс аударған қандастарымыз себеп болған. Айналасы бес шәкірт үшін 10 адам жұмыс істейді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

СҚО, Бірлік ауылындағы мектеп

Анар  отбасымен биыл көктемде Қытайдан көшіп келіпті. Өткен оқу жылының төртінші тоқсанын аудан орталығында тәмамдаған. Биылдан бастап ауылда оқитын болды.

Анар Екпін, 3 сынып оқушысы:

-Мен Қытайда жақсы оқығанмын. Енді бұл жақта жақсы оқимын деген үміттемін. Мектептің ашылғаны жақсы болды.

Бірлік орта мектебі бала санының аздығына байланысты 3 жыл бұрын жабылған еді. Алайда, Қытай мен Талдықорғаннан көшкен он отбасындағы бес бала оның қайта ашылуына сеп болып отыр. Қоныс аударғандардың кейбіріне білім ошағынан жұмыс та табылыпты.

Әлен Оразалы, Бірлік ауылының тұрғыны:

-Осы мектепке мені жұмысқа орналастырғалы жатыр. Шамам жеткенше осы Бірлік ауылындағы мектепте бір кісілік есе қосып берсем деген мақсат.

Ең шағын мектеп ғимаратын жөндеуге үш жарым миллион теңге жұмсалған екен. Оның сыртында бір жарым миллионның қазандығы бар. Ал екі мұғалім мен бес балаға от жағушы, еден жуушы, күзетші мен мейірбикені қосқанда 8 адам қызмет көрсетпек. Жергілікті билік келер жылы бала саны көбейеді деп отыр. Өйткені оңтүстіктен осы ауылға тағы он шақты отбасы көшіп келуі мүмкін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version