Осы жоба аясында Арғынбеков көшесіндегі бес ғимарат қабырғасына көркем картина салынды.
Шаһар аумағын көркем көрініспен безендірген суреттің тақырыбы — «Жібек жолының керуендері». Айта кетерлігі, безендіру жұмыстары барысында 1000 дана бояу құтысы мен 250 кг түрлі эмульсиялық бояу пайдаланылған.
Шымкентте Қазақстандағы ең ірі арт өнер туындысы салынды
Шымкенттік суретшілер мен "Repas" өнер тобы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың бастамасымен қолға алынған республикадағы ең ірі өнер жобаның жұмысын аяқтады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.